Accessibility links

Қазақстан өкілдері мұсылман көшбасшыларының конференциясына қатысады


ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Е. Aшықбаевтың мәлімдеуінше, ертең Дохада (Қатар) ғаламдық мұсылман көшбасшыларының 3-конференциясы басталады. Аталмыш шара штаб-пәтері Нью-Йоркте орналасқан «Америка қауымы мұсылмандардың дамуын қолдайды» (ASMA) атты үкіметтік емес ұйыммен бірлесе ұйымдастырылуда.
Конференцияның мақсаты - қазіргі заман мәселелерін қарастырудағы конструктивті сұхбатқа қолдау көрсету.
Қазақстаннан қатысатын екі өкіл әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі туралы қазақстандық бастаманы баяндайтын болады.

XS
SM
MD
LG