Accessibility links

Венесуэла Израилмен дипломатиялық байланысын үзді


Венесуэла Израилдің Газадағы әскери шабуылдарына наразылық ретінде ресми түрде Израилмен арадағы дипломатиялық байланыстарын үзді. Президент Уго Чавес үкіметінің мәлімдемесінде Израилдің Палестина халқын “мейірімсіз қудалауына” байланысты Венесуэла осындай шешім шығарып отыр делінген.

Өткен аптада Венесуэла үкіметі Каракастағы Израиль елшісін еліне қайтарған болатын. Ал сәрсенбі күні Боливия да Газадағы қақтығысқа байланысты Израилмен арадағы дипломатиялық қарым-қатынастарын жоятынын жариялады. Хабарларға қарағанда, желтоқсанның 27-де басталған Израиль шабуылдарынан Газада мыңнан астам палестиналық азамат қаза болған.
XS
SM
MD
LG