Accessibility links

Обама: Әл-Қаида Америкаға төніп тұрған қауіп


Жаңадан сайланған президент Барак Обама Әл-Қаида лаңкестік желісі мен оның жетекшісі Осама Бин Ладен АҚШ қауіпсіздігіне төніп тұрған ең үлкен қауіп болып қалуда деп мәлімдеді. Бұл туралы Обама сәрсенбі күні Бин Ладеннің жаңа аудиотаспасы шыққан соң хабарлады. Қаңтардың 20-да ресми түрде өз қызметіне кірісетін Обама жаңа әкімшілік Әл-Қаиданың Америкаға шабуылдарының алдын-алу мақсатында қолынан келгенше жұмыс атқаратын болады деп атап көрсетті.
XS
SM
MD
LG