Accessibility links

Ақтөбе оқушыларды тегін тамақтандырмақ


Қалалық білім беру бөлімінің бас маманы Ләззат Қонарбаеваның мәліметінше, Ақтөбенің бірінші сынып оқушылары 1-ақпаннан бастап тегін тамақпен қамтамасыз етілетін болады. Бірінші сыныптықтардың саны 4,3 мыңнан асады.
«Біраз уақыттан кейін бірінші сыныптықтармен қоса бастауыш сыныптардың 15 мың оқушысына да тегін тамақ берілетін болады, осылайша қалалық білім бөлімі кезең кезеңмен 19 мың оқушыны ыстық тамақпен қамтымақ. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 41 млн теңге бөлінеді», — деді Ләззат Қонарбаева.

XS
SM
MD
LG