Accessibility links

Үкімет басшысы министрліктің ұсынысын қолдады


ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов Туризм және спорт министрлігінің Қазақстанға еңбегі сіңген спортшылар мен жаттықтырушыларды өмір бойы материалдық жағынан қамтамасыз ету төлемдерінің мөлшерін 8-ден 24 айлық есептік көрсеткішке дейін көтеру мүмкіндігін қарастыруды сұраған ұсынысын қолдады, — деп хабарлайды «Қазақстан Бүгін».
«Қазіргі таңда Қазақстан бұрынғы кеңестік кеңістікте осы мәселені әлі күнге дейін шешпеген жалғыз мемлекет болып табылады. Бұл жерде жыл сайынғы көлемі 28-30 млн теңге шамасындағы қаражат туралы сөз болып отыр», — деді Туризм және спорт министрі Темірхан Досмұхамбетов.

«Бүгін сіздер маған өтініш жасап отырсыздар. Бюджетті қарастыру кезінде депутаттар да осы мәселені қозғаған болатын. Қаржылық қиыншылық болып жатқан күрделі уақытта өмір сүріп жатқанымызға қарамастан сіздердің ұсыныстарыңызды қолдаймын», — деді К.Мәсімов.

XS
SM
MD
LG