Accessibility links

«Абырой» жастар қозғалысы белсенділері ұсталды


Бүгін Алматыдағы Израиль елшілігі өкілдігі ғимаратының алдында Палестинадағы қантөгісті тоқтатуды талап етіп, пикет ұйымдастырғаны үшін «Абырой» жастар қозғалысы белсенділері ұсталды. Азамат Жетпісбаев пен Жанбота Қарашолақов қазір Медеу аудандық ішкі істер бөлімінде отыр. Рұқсат етілмеген жиын өткізгендері үшін оларға әкімшілік жаза қолданылды. Пикетшілер ғимарат алдында Израиль үкіметіне арнаған үндеулерін оқыды. Оған елшілік өкілдері тарапынан ешқандай жауап болған жоқ.
XS
SM
MD
LG