Accessibility links

Кабулдағы шабуылдан 2 ауған азаматы опат болды


Ресмилердің айтуынша, сенбі күні Кабулда орын алған жанкештілік шабуылдан кемінде 2 ауған азаматы қаза тауып, 20 адам жарақат алған. АҚШ әскерилерінің хабарлауынша, бұл жарылыстан 5 американдық сарбаз жараланған. Оның алдында әлгі шабуылдан АҚШ-тың 2 сарбазы қаза тапты деген мәлімет жарияланған болатын. Бірақ бұл ақпарат кейін жоққа шығарылды. Жанкештілік шабуыл Ауғанстан астанасындағы АҚШ-тың әскери базасы мен Германия елшілігі жанында орын алды. Шабуылға байланысты жауапкершілікті Талибан қозғалысы өз мойнына алып отыр.
XS
SM
MD
LG