Accessibility links

Хамас: Талабымыз орындалмаса, соғысты жалғастырамыз


Радикалды исламшыл Хамас тобы Газада оның талаптары орындалмайынша, соғысын одан әрі жалғастыратынын хабарлады. Бұл туралы Хамастың Ливандағы өкілі Осама Хамдан мәлімдеді.

Ал бұл екі арада, Израиль жетекшілері Газа секторында үш аптаға жалғасқан Израилдің әскери операциясын тоқтату үшін бітімге келу мәселесін қарастырып жатыр. Израиль ресмилерінің айтуынша, премьер-министр Ехуд Олмерт атысты тоқтатуға шақыратын біржақты шешім шығару мәселесін талқылау үшін сенбі күні қауіпсіздік командасымен жиналыс өткізбек. Осыған байланысты Израиль Газадағы блокаданы жеңілдету жөніндегі Хамастың талабын ескере ме жоқ па белгісіз. Жұма күні Вашингтонда АҚШ мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс пен Израиль сыртқы істер министрі Ципи Ливни Газадағы жауынгерлерге заңсыз қару-жарақ тасымалын тоқтатуға бағытталған келісімге қол қойды. Газадан Израилге жасалатын зымыран шабуылдарын тоқтату мақсатында желтоқсанның 27-де басталған Израилдің әскери операциясынан 1 мың 150-ден астам палестиналық пен 13 Израиль азаматы қаза тапты. БҰҰ-ның көмек көрсету жөніндегі агенттігінің хабарлауынша, Газаның солтүстігіндегі БҰҰ бақылауындағы мектепте орын алған Израиль шабуылынан 2 адам мерт болған.
XS
SM
MD
LG