Accessibility links

Қазақстан мұсылмандары Израилдің Газадағы операциясын айыптады


Газа секторындағы Израилдің әскери операциясы мұсылмандар қауымдастығында Израилге қарсы пікірлердің күшеюіне алып келуі мүмкін. Сенбі күні Қазақстанның мұсылмандар одағы мен Орталық Азия мұсылмандарының адам құқықтары бойынша комитеті осындай мәлімдеме жасады. Бұл туралы Интерфакс ақпарат агенттігі хабарлады.

“Газада жалғасып жатқан шабуылдар мен бұқаралық ақпарат құралдарында беріліп жатқан адам шығыны туралы мәліметтер және күштің диспропорциялық түрде пайдаланылуы көптеген қазақтар арасында наразылық туғызуы мүмкін”, - делінген бірлескен мәлімдемеде. Сонымен қатар, Қырғызстан астанасы Бішкекте наразылық танытушылар Израиль туын өртемек болды деп хабарланып отыр.
XS
SM
MD
LG