Accessibility links

Медведев: Газ дауына қатысты келісім жасалмады


Газ дауына қатысты халықаралық саммиттен кейін Ресей президенті Дмитрий Медведев Киев пен Мәскеудің әлі бір келісімге келмегенін хабарлады. Алайда Медведев “алдағы бірнеше күннің ішінде” Еуропаға Ресей газ тасымалының қайта қалпына келуін қалайтынын айтты. Оның айтуынша, Мәскеудегі келіссөздерде газ дауына қатысты барлық жақтар өз көзқарастарын білдірген. Бұл - кездесудің басты нәтижесі болды дейді Медведев.

Украина премьер-министрі Юлия Тимошенко сенбі күні саммитке қатысу үшін және Ресей премьер-министрі Владимир Путинмен жеке келіссөз өткізу мақсатында Мәскеуге ұшып барған болатын.
XS
SM
MD
LG