Accessibility links

БҰҰ мен АҚШ Израилдің атысты доғару туралы шешімін құптады


БҰҰ мен АҚШ Израилдің Газада атысты тоқтатқанын құптап отыр. 22 күнге жалғасқан Израилдің әскери операциясы Газадағы Хамас жауынгерлеріне бағытталған болатын. Ливанға сапармен барған БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мунның айтуынша, біржақты түрде жарияланған бітім Израиль күштерін Газадан толығымен шығару бағытындағы алғашқы қадам болуы мүмкін. Ол, сондай-ақ, Хамас жауынгерлерін Израилге зымыран шабуылдарын доғаруға шақырды. Ал АҚШ мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райстың мәлімдеуінше, Вашингтон барлық жақтардың шабуылдарды тоқтатуын күтеді. Сонымен қатар, АҚШ қарапайым палестиналықтардың зардап шегіп отырғандығына байланысты алаңдаушылық танытты.
XS
SM
MD
LG