Accessibility links

Ресей мен Украина газ келісіміне келді


Еуропа тұтынушыларына арналған газ тасымалы таяу арада қайта қалпына келеді. Бұл туралы Мәскеуде келіссөз өткізген Ресей мен Украина премьер-министрлері мәлімдеді. Владимир Путин мен Юлия Тимошенко қол жеткізген келісімге сәйкес, Украина Ресей газын еуропалық бағаға сатып алатын болады бірақ осы жылы Киевке 20 пайыздық жеңілдік берілмек. Тимошенконың мәлімдеуінше, Ресей мен Украинаның мемлекеттік газ компаниялары жаңа келісімдер әзірлемек. Осы құжаттарға қол қойылған соң газ тасымалы қайта қалпына келеді, дейді Тимошенко.
XS
SM
MD
LG