Accessibility links

Гуантанамодағы 6 тұтқын үйлеріне жіберілді


АҚШ лаңкестікке қатысы бар күдіктілерді ұстайтын Гуантанамо абақтысынан тағы 6 тұтқынды үйлеріне жіберді. Қорғаныс Министрлігінің хабарлауынша, әлгі тұтқындардың төртеуі Ираққа, біреуі Ауғанстанға, біреуі Алжирға жіберілген. Бұл азаматтарға тағылған айыптар дәлелденбеген соң азат етіліп отыр, дейді АҚШ әскерилері.

Гуантанамода шамамен 245 тұтқын бар. Жаңадан сайланған президент Барак Обама Кубадағы АҚШ әскери базасында орналасқан бұл түрмені жабуға уәде етті бірақ ол мұның нақты қашан іске асырылатынын айтпады.
XS
SM
MD
LG