«Қазақстан Бүгін» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Павлодар қалалық ішкі істер бөлімінің кезекшісіне түскен қаладағы Ломов көшесіндегі үй өртеніп жатыр деген ақпарат бойынша барып өртті сөндіру кезінде өртке қарсы қызмет басқармасының қызметкерлері ас үйден 51 жастағы үй иесінің мәйітін тауып алған.
Үй иесі өрттен шығарылғанда бас сүйегінің қатты соққыдан зақымданғаны анықталған. Марқұмның әйелі алдын ала тексеру кезінде үйден 15 мың Ресей рублі мен 1150 доллардың жоғалғанын аңғарған.
Тергеушілер ҚР Қылмыстық кодексінің 96-бабы бойынша қылмыстық іс қозғап, күдіктіні іздестіруде.