Accessibility links

АҚШ генералы Петреус Пәкістанға барды


Ауғанстан мен Ирақтағы АҚШ күштерінің қолбасшысы генерал Дэвид Петреус Пәкістан ресмилерімен кездесу үшін Исламабадқа барды. Келіссөздердің күн тәртібінде қандай мәселелердің тұрғаны жарияланбады. Пәкістан лаңкестікке қарсы соғыста АҚШ-тың маңызды одақтасы боп табылады. Пәкістанға келердің алдында генерал Петреус Орталық Азия елдеріне сапар жасады.

Ал бұл екі арада, Пәкістанның қауіпсіздік күштері Мохманд аймағында кемінде 20 Талибан бүлікшісін өлтіргендерін хабарлады.
XS
SM
MD
LG