Accessibility links

БҰҰ бас хатшысы: Газадағы жағдай жантүршігерлік


БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун Газадағы жағдай жантүршігерлік деп атап көрсетті. Сейсенбі күні Газаға сапармен барған Пан Ги Мун Израиль мен Хамасты бітімді құрметтеуге шақырды. Хамас жауынгерлеріне бағытталған Израиль шабуылдарынан Газадағы БҰҰ-ның ғимараты да қиратылған болатын. Бұл - Израилдің 22 күнге жалғасқан әскери операциясынан кейін Газаға жасалып отырған алғашқы жоғары дәрежелі сапар.

Газадағы шайқас жексенбі күні тоқтаған еді. Израиль күштері Газадан бүгін толығымен шығарылады деп күтілуде. Желтоқсанның 27-де басталған Израиль шабуылдарынан 1,300-ден астам палестиналық азамат қаза тапты.
XS
SM
MD
LG