Еуропа Одағының жоғары лауазымды өкілі Ресей мен Украина арасындағы газ дауы мен Еуропаға арналған газ тасымалының тоқтап қалуына байланысты Киевті кінәлады. Еуропа Комиссиясының сыртқы қатынастар бойынша бас директоры Энеко Ландабурудың мәлімдеуінше, Украина премьер-министрі Юлия Тимошенко мен оның ресейлік әріптесі Владимир Путин қол жеткізген алғашқы келісімді “кей ішкі саяси себептермен” президент Виктор Ющенко құртқан.
Ресей мен Украина арасында орын алған газ дауына байланысты екі апта бойы Еуропаның бірнеше еліне Ресей газы жеткізілмеген болатын.
Ресей мен Украина арасында орын алған газ дауына байланысты екі апта бойы Еуропаның бірнеше еліне Ресей газы жеткізілмеген болатын.