Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас ауданында газ құбырындағы апат «Қазтрансгаз-Аймақ»АҚ апатты жою бригадасының көмегімен жойылды.
Бұдан бұрын хабарланғандай, «19-қаңтар күні жер қазу жұмыстары кезінде диаметрі 159 миллиметрлік жоғары қысымды жер асты газ құбырына ақау келген. Апат салдарынан 3 газ таратушы подстанция мен 32 шкафты таратушы подстанция жұмыс істемей қалып, жеке меншік сектордың 1600 абоненті газсыз қалған».