Accessibility links

Талдықорған мен Семейде екі адам өрттен қаза тапты


ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Талдықорған қаласының Шевченко көшесіндегі тұрғын үйдің 30 шаршы метр аумағын өрт шарпып, соның салдарынан 69 жастағы ер адам 2-3 дәрежелі күйікпен ауруханаға түскен, ал 90 жастағы қарт әйел ауруханаға барар жолда қайтыс болған.
Сонымен бірге Семейдің Севастополь көшесіндегі үш қабатты тұрғын үйде болған өртті сөндіру кезінде 71 жастағы ер адамның мәйіті табылған.

XS
SM
MD
LG