Accessibility links

Куба басшысы Мәскеуге бармақ


Куба жетекшісі Рауль Кастро осы айдың аяғында Ресейге мемлекеттік сапармен барады. Ресей Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, сәрсенбі күні Ресей мен Куба ресмилері кездесіп, Кастроның сапарына дайындық мәселелерін талқылаған.

Бұл екі ел Қырғиқабақ соғысы кезінде одақтас мемлекеттер болған. Қараша айында Кубаға сапармен барған Ресей президенті Дмитрий Медведев Рауль Кастроны Мәскеуге шақырған-ды.
XS
SM
MD
LG