Түркменстан президенті Гурбангұлы Бердымұхаммедов елдің қорғаныс министрі мен шекара басшысын қызметтерінен босатты. Сәрсенбі күні теледидардан берілген Түркменстан қауіпсіздік кеңесінің отырысында президент Бердымұхаммедов қорғаныс министрі Агагелді Мамметгелдиев пен Мемлекеттік шекара агенттігінің басшысы Байрам Алоловты қатты сынады. Түркменстанның баж агенттігінің жетекшісі Яйлым Бердиев жаңа қорғаныс министрі етіп тағайындалса, шекара агенттігінің төрағасы қызметіне есірткі саудасына күрес агенттігінің басшысы Ислам Оразов бекітілді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Мәдениет алаңы
Ойлануға шақыратын қазақша үш фильм
-
Мемлекет және медиа
Соғыс мемлекеттік БАҚ үшін неліктен жабық тақырыпқа айналды?