Алматыда «Халыққа баспана қалсын» қозғалысының 12 мүшесі наразылық ретінде аштықты жалғастырып, несиеге алған баспаналарының мәселелері жөнінде Стресті активтер қорының жұмысына талап қоюда.
«Халыққа баспана қалсын» қозғалысының басшысы Эльмира Ысқақованың айтуынша, наразы борышкерлер денсаулықтарының сыр бергеніне қарамастан, аштық жариялауларын жалғастыруда. Жақында борышкерлерге мәселені партия кеңесінде қараймыз, аштықты тоқтатыңдар деп келген «Нұр Отан» жетекшілерінің ұсынысы қабылданған жоқ. Аштық жариялаушылар өз мәселелерінің аталған партия кеңесінде қаралғанымен, ешқандай шешімін таппағанын алға тартуда.