Accessibility links

Путин Чехияға бармақ


Ресей премьер-министрі Владимир Путин чехиялық әріптесі Мирек Тополанектің шақыртуымен Чехияға сапар жасауға келіскен. Бұл туралы Чехия үкіметі хабарлап отыр. Бірақ сапардың нақты қашан болатындығы айтылмады. Еуропа Одағының кезекті төрағасы Чех республикасының үкіметі маусым айында ЕуроОдақ-Ресей саммитін өткізеді деп күтілуде.
XS
SM
MD
LG