Accessibility links

Израиль Газаға қайта шабуыл жасауы мүмкін


Егер Хамас жауынгерлері қайта қарулану үшін Мысыр шекарасындағы туннелді пайдаланатын болса, Израиль Газа секторына шабуылдарын қайта бастайтынын ескертті. Израилдің айтуынша, үш апатаға жалғасқан Газадағы әскери операция барысында шамамен 150 туннель қиратылған. Бірақ хабарларға қарағанда, кей жерасты жолдары қайта ашылған. Хамас жауынгерлері заңсыз қару-жарақты Газаға осы туннелдер арқылы өткізеді дейді Израиль ресмилері. Ал палестиналықтардың айтуынша, Израиль өз шекараларын қатты бақылап отырғандықтан Мысырмен арадағы шекарада жасалған туннель отын мен азық-түлік тасымалы үшін жалғыз жол боп табылады.
XS
SM
MD
LG