Accessibility links

Азиада нысандарына 24 млрд теңгеге жуық қаражат қарастырылған


Республикалық бюджетте 2009 жылы Азиада нысандарын салу мен жаңалауға 24 млрд теңгеге жуық қаражат қарастырылған, — деп мәлімдеді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Марат Құдышев.

«2011 жылғы Азиадаға дайындалу бойынша қалаға айрықша үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Оған дейін 2 жыл нақты уақыт бар. Ал атқарылатын жұмыстар ауқымды. Қалаға 4 нысан беріліп отыр. Берілген ақша да ауқымды - 24 млрд. Біз, әрине, бұл қаражатты игеруге тиіспіз. Азиадаға барлық нысандарды дер кезінде дайындауымыз қажет. Сонымен бірге, Азиадаға дайындық қаланың дамуына үлкен серпін береді. Осы нысандардың арқасында біз дағдарыс уақытында жұмыс орындарын құру секілді қаладағы көптеген проблемаларды шешуге тиіспіз», — деді қала әкімі Ахметжан Есімов.

XS
SM
MD
LG