Бұл туралы хабарлаған «Қазақстан Бүгіннің» мәліметінше, Қырғызстанның Мемлекеттік кеден комитетінің Солтүстік өңір оперативтік кеден қызметкерлері заңсыз жүкті Шу облысының Ыстық-Ата ауданы Кең Бұлын ауылының маңында МАЗ жүк көлігін тексерген кезде тапқан. Көлікте ілеспе құжаттары жоқ 30 тонна металл прокаты бұйымдары болған.
Тексеру барысында белгілі болғанындай, жүк Қазақстан аумағынан заңсыз шығарылған. Жүктің құны алдын-ала баға бойынша 1 млн 165 мың сомға бағалануда. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Тексеру барысында белгілі болғанындай, жүк Қазақстан аумағынан заңсыз шығарылған. Жүктің құны алдын-ала баға бойынша 1 млн 165 мың сомға бағалануда. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.