Accessibility links

Обама Таяу Шығысқа жаңа өкілінің жедел баруына бұйырды


Мақсат- Израилдің Газа аймағына жасаған 22 күндік шабуылынан кейінгі атысты тоқтату үдерісін нығайта түсу. Президент Барак Обама бейсенбі күні АҚШ-тың Таяу Шығыстағы жаңа өкілі етіп Джордж Митчелді тағайындаған болатын. 75 жасар Митчель 1998 жылы Солтүстік Ирландиядағы протестанттар мен Рим католиктері арасында бейбіт келісімге қол жеткізуге көмектескен болатын. Обама өз әкімшілігінің Таяу Шығыста бейбітшілік орнатуда белсенді және табанды болатынына уәде берді.

XS
SM
MD
LG