Орталық Банк бүгін бір АҚШ долларын 36 рублге бағалады. Демек қазіргі деңгейінен рубль 10 пайызға арзандады. Аталған Ресей банкі алдағы айларда бұл үдерістің қайталанбайтынын айтып отыр. Қараша айынан бері рубль 20 рет шағын девальвацияға ұшыраған болатын. Аталған қадамдар Ресей ақшасын қазіргі төмендеп кеткен мұнай бағасы мен елдегі экономикалық жағдайға икемдеу үшін жасалуда.