Accessibility links

Ресей хұқық қорғаушысы Мәскеуде жерленді


Бірнеше жүздеген адам Станислав Маркеловты жерлеу рәсіміне қатысты. Ол Шешенстандағы адам хұқықтарының тапталуына қарсы күресіп келген еді. Маркелов пен журналист Анастасия Бабурова дүйсенбі күні, Мәскеу көшесінде, тапа-тал түсте атып өлтірілген болатын. Маркелов 18 жасар шешен қызының өліміне себепші болған Ресей әскері полковнигінің түрмеден ерте босатылғанына наразылық танытқан еді. Бабурова туған жері Севастополде жерленбекші.
XS
SM
MD
LG