Ресей президенті Дмитрий Медведевтің айтуынша, Кремль Ауғанстанға әскери емес жүктерді тасымалдауда АҚШ-пен әріптес бола алады. Ол аталған мәлімдемесін жұмада, Ташкенттегі сапары барысында жасады. Каримов болса Пәкістандағы өсе түскен қақтығыстар Орта Азияда бей-берекеттіктер туындатады деп алаңдайтынын айтты.