Құрама Штаттар Ресей президенті Дмитрий Медведевтің осыған орай берген уәдесін қызу қуаттауда. Медведев әскери емес жүктерді өз жері арқылы Ауғанстанға тасымалдауда АҚШ пен оның одақтастарына көмектесуге әзір екенін айтқан болатын. АҚШ Мемлекеттік департаменттің айтуынша, Барак Обаманың әкімшілігі Ресеймен Ауғанстанға байланысты бірлікте жұмыс істеуге әзір. АҚШ пен НАТО Ауғанстандағы күштеріне қажетті жүктерді жеткізетін қосымша жолдарды іздестіруде еді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
"Тақ мұрагерлерінің" құпия өмірі
"Олар әкесін жақсы көреді". Путиннің ұлдары жайлы не белгілі?