Қырғызстан президенті Құрманбек Бәкиев оппозициялық саясаткерді премьер-министрдің орынбасары етіп тағайындады. 38 жастағы Омурбек Бабанов 2007 жылғы парламенттік сайлауларға оппозициялық Социал демократиялық партиясынан үміткер ретінде түскен болатын. Сонымен қатар Бәкиев Қытайдағы бұрынғы елші Қадырбек Сарбаевты сыртқы істер министрі етіп тағайындады.
Өткен аптада Бәкиев бірқатар үкімет ресмилерін қызметтерінен босатқан болатын. Бұған не себеп болғандығы айтылмады. Талдаушылардың пікірінше, Бәкиев президент сайлауы алдында өз командасын күшейтіп жатқан болуы мүмкін.