Accessibility links

Атылған снарядтан ешкім құрбан болған жоқ


Алматы облысы Жамбыл ауданы Мәтібұлақ ауылындағы Қонаев көшесінде орналасқан жер үйдің ауласында 45 жастағы ер адам 122 миллиметрлік снарядты кескен, нәтижесінде снаряд атылып, көршінің үйінің кейбір жерлерін қиратып кеткен. Құрбан болғандар мен зардап шеккен адамдар болмаған.
Бұл туралы хабар таратқан ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, әлгі үйдің ауласынан әлгіндей снарядтың 16 данасы табылған, ол снарядтар көзін жою мақсатында тәркіленді.

XS
SM
MD
LG