Черногорьеде ерте парламенттік сайлаулар болады. Президент Филип Вюанович парламентті таратқаннан кейін, сайлау мерзімін 29 наурызға белгіледі. Бұл елдің басты мақсаттары ЕуроОдақ пен НАТО-ға мүшелік болып отыр. Черногорье Сербиядан 2006 жылы тәуелсіздігін алғалы бері реформалар жүргізуде еді. Алайда биыл болатын экономикалық қиындықтар ол реформаларды баяулататын түрі бар, дейді халықаралық Қаржы қоры.