Accessibility links

Қырғызстандық кәсіпкер өз елінің вице-премьерін рейдерлікке қатысы бар деп айыптады


Бүгін Алматыда журналистерді жинап, баспасөз мәслихатын өткізген қырғызстандық кәсіпкер Валерий Хон өз иелігіндегі мұнай базасын рейдерлік әдіспен тартып алғысы келеді деп, осыдан екі күн бұрын Қырғызстан премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалған Өмірбек Бабановты айыптады.

Хонның айтуынша, ол өз меншігіндегі мұнай базасын Ө.Бабановтың туыстары басқаратын «Мунай мырзы базис» жауапкершілігі шектеулі қоғамына 5 млн АҚШ доларына сату туралы 2008 жылы шілде айында келісім-шарт жасаған.

- Бірақ, уәделі мерзімде маған ақша төлеген жоқ. Түрлі қитұрқылықпен менің меншігімді иеленіп алмақшы болған Бабанов пен оның туыстары, содан бері міне сегіз айға жуық уақыт өтті, кәсіпорынды маған қайтармай отыр. Алғашқы және екінші деңгейдегі соттар істі қарап, Бабановтардың пайдасына шешті, Жоғарғы сот бұл істі қарауды үш мәрте кейінге қалдырды. Президент Құрманбек Бакиев пен Бас прокуратураға жазған арыз-үндеулеріміз жауапсыз қалып отыр. Тіпті, менің жанайғайымды ақпарат құралдарына да жібергісі келмейді. Соңғы уақытта Бішкектегі бірнеше баспасөз клубтарыс да алдын ала төлеп қойған ақшамды өзіме қайтарып, жоспарланған баспасөз мәслихатымды өздерінде өткізуден бас тартты, - деді В.Хон.

Даулы мұнай базасы Бішкектегі «Манас» әуежайына тақау жерде орналасқан.
XS
SM
MD
LG