Accessibility links

Қостанайда жасырын казино табылды


Облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының жедел тексеру шараларының барысында қаланың шетіндегі зәулім үйде жасырын казиноның жұмыс істеп тұрғаны белгілі болған.

Іші-сырты түгел бейне бақылау камерасымен жабдықталған коттеджге мықты күзет қойылыпты Күзеттен өтіп ішке кірген полиция қызметкерлері 13 ойыншыны ұстап алып, 400 мың теңге ақша мен 50 және 100 долларлық номиналды ойын фишкаларын тәркіледі.
Қазір казиноның иесін анықтау жұмыстары жүргізілуде. Алдын ала алынған мәліметтерге қарағанда, коттедж ұзақ мерзімге жалға алынған көрінеді.

XS
SM
MD
LG