Accessibility links

АҚШ-тың жаңа өкілі Израилге барды


АҚШ президенті Барак Обаманың арнайы өкілі Джордж Митчель бүгін Таяу Шығысқа сапары барысында Израиль басшыларымен және Палестина басшысы Махмуд Аббаспен кездеседі. Мақсат-тоқтап қалған бейбіт келіссөздерді қайта жандандыру. Ол Хамас тобы өкілдерімен кездеспейтін болады. Митчель Израиль мен Газадағы Хамас тобы арасындағы атыстарды тоқтату келісімін одан әрі жалғастырып, оны күшейту өте маңызды болды деді. Өкіл бұдан бұрын Мысыр президенті Хосни Мубаракпен сөйлескен болатын.
XS
SM
MD
LG