Accessibility links

Қырғызстандағы жол апаты бойынша екінші сот отырысы өтеді


Бүгін Бішкекте былтырғы шілде айында 8 адамның өмірін қиған жол апатының орын алуына себепкер болған автобус жүргізушісіне қатысты кезекті сот отырысы өтеді. Жол апатынан зардап шегушілердің басым бөлігі Қазақстан азаматтары болса да, бұған дейінгі сот процестеріне олар шақырылмапты. Сондай-ақ айыптаушы тарап қырғыз соты мен прокурорының кәсібилігіне күмән келтіруде.
Мамандардың айтуынша, куәгерлердің басым бөлігі Қазақстанда болғандықтан, сот процесі жайлы арнайы орган Қазақстан елшілігіне де ескертуі қажет екен. Ал Қазақстанның Қырғызстандағы елшілігі мұндай ескертудің болмағанын айтып отыр.
Қазақстандық туристері бар автобус өткен жылы шілде айының 20-нан 21-іне қараған түні Қырғызстанның Тоқмақ қаласының маңында жеңіл көлікке соқтығысып аударылған болатын. Жол апатынан 8 адам көз жұмып, 30-дан астам адам жарақаттанған еді. Зардап шеккендердің айтуынша, жол апатына жүргізушінің жылдамдықты шектен тыс асыруы себеп болған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG