Accessibility links

Ирақ АҚШ-тың Blackwater компаниясына тыйым салды


Ирақ билігі елде АҚШ-тың Blackwater қауіпсіздік компаниясының жұмыс істеуіне мұрсат бермейді. Ирақ ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Абдал Карим Халафтың айтуынша, 2007 жылғы оқиғаға байланысты Blackwater компаниясының лицензиясы жаңартылмайды. Тергеу қорытындысына сәйкес, Blackwater күзетшілері Бағдад арқылы өткен американдық дипломаттың көлігін қорғау мақсатында оқ атқан, нәтижесінде 17 Ирақ азаматы қаза тауып, 20 адам жараланған. 2007 жылғы бұл оқиғаға байланысты бұрынғы 5 күзетші Вашингтонда сотталды.
XS
SM
MD
LG