Accessibility links

Ш.Перес Түркиямен арадағы қатынас өзгермейді деп үміттенеді


Бейсенбі күні Израиль президенті Шимон Переспен арадағы дауынан кейін Давостағы халықаралық экономикалық форумының мәжілісін тастап кетіп қалған түрік премьер-министрі Режеп Тайып Ердоғанды туған елінде мыңдаған адам құрметпен қарсы алды.
Хабарға қарағанда, Түркия мен Палестина автономиясының туларын ұстаған 5 мыңдай жұрт Ердоғанды Стамбулдың әуежайында қарсы алды.
Бейсенбі күні кешкісін Давос форумында түрік премьері Израиль президенті Ш.Перестің Газа аймағындағы соғыс қимылдары туралы сөзін өткір сынға алып, одан кейін сөзін бөле бергені үшін жүргізушіні айыптап, мәжілісті тастап шығып кетті.
Бүгін Ш.Перес жанжал Түркиямен арадағы қарым-қатынасқа әсер етпейді деген үмітін білдірді.
XS
SM
MD
LG