Бүгін Ирақтың ішкі істер министрлігі елдің солтүстігіндегі Мосул қаласына комендант тәртібін орнатты. Комендант тәртібі бойынша, автокөліктің қозғалысы тоқтатылады, тұрғындар сенбі күні өтетін жергілікті сайлауда дауыс бермей қаладан кете алмайды.
Бұл - сайлау алдында күшіне енетін жалпыұлттық қауіпсіздіктің шарасының алғашқы қадамы болады. Оған сәйкес, Ирақтың халықаралық шекарасы жабылып, Бағдад пен басқа да ірі қалалардағы көлік қозғалысы тоқтатылып, әуе қатынасы уақытша үзіледі.
Оңтүстіктегі Әл-Басра қаласы да жұманың кешінен жексенбінің таңына дейін жабылады.