Accessibility links

Исландия ЕуроОдаққа 2011 жылы кіре алады


Егер Исландияның өзі қаласа, онда таяу кезеңде оның Еуропа Одағына қабылданатын мүмкіндігі жаман емес. ЕуроОдақты кеңейту мәселесі бойынша Еуропа Комиссиясының мүшесі Олли Рен бүгін осылай деп мәлімдеді.
Ағылшындардың Guardian газетіне берген сұхбатында О.Рен атап көрсеткендей, өзін қабылдау туралы тиесілі өтінішін тез беретін болса, онда Исландия ЕуроОдаққа 2011 жылы кіруді жоспарлап отырған Хорватиямен бірге қабылдануы мүмкін.
Дүниежүзілік қаржы дағдарысының салдарынан Исландияның бүкіл қаржы жүйесі күйреген соң, ел ішінде ЕуроОдаққа кіруді қолдайтындардың қатары күрт артты.
XS
SM
MD
LG