Accessibility links

Грузин үкіметін 3 ай ғана басқарған премьер кетті


Грузияның премьер-министрі Григол Мгалоблишвили үкіметтен кетуге өтініш берді. 35 жастағы бұрынғы дипломат ол қылығын ұзақ емделу қажеттігімен түсіндірді.
Мгалоблишвили үкімет басына осыдан 3 ай бұрын ғана тағайындалған болатын. Желтоқсан айының соңында шыққан хабарға қарағанда, премьер-министр мен президент Михаил Саакашвили жанжалдасып қалып, президент тіпті оған қол жұмсаған көрінеді.
Г.Мгалоблишвили өзінің орнына қаржы министрін тағайындауды ұсынғанын хабарлады.
XS
SM
MD
LG