Accessibility links

Әкімге қолайсыз сұрақ қойған журналист әзірше жұмыстан қуылмаған


Оралдағы ТДК-42 телеарнасының иесі Серік Мірғалиев телеарна тілшісі Лұқпан Ахмедьяровтың жұмыстан босатылғанын теріске шығарды. Ол “Қазақстан бүгін” агенттігіне 29 қаңтарда Л.Ахмедьяровпен еңбек шартын үзетінін хабарлағанын мойындап, бірақ тілшіні жұмыстан босату туралы бұйрыққа әзірше қол қоймағанын мәлімдеді.
Жұма күні Л.Ахмадьяровтың өзі ТДК-42 телеарнасына жұмыстан шығу құжаттарын толтыру үшін ғана келгенін хабарлады.
Өткен сәрсенбі күнгі баспасөз-маслихатында журналист облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовке қолайсыз сұрақ қойғаны үшін жұмыстан босатылды.
“Әділ сөз” қорының мәліметі бойынша, 2008 жылдың қыркүйегінде де Орал қаласының әкімі Самиғолла Оразовқа ыңғайсыз сауал қоғаны үшін ТДК-42 телеарнасының тағы бір тілшісі Санат Орналиев те жұмыстан босатылған.
XS
SM
MD
LG