Пәкістанның премьер-министрі Юсуф Раза Гилани АҚШ-тың экстремистерге қарсы Пәкістан жерінде соққы беруі оларға қарсы күрестің қарқынын басады деп мәлімдеді. Халықаралық Давос форумында Гилани атап көрсеткендей, АҚШ ұшақтарының әуе соққысы елде Америкаға қарсы көңіл-күй туғызады және сол себепті де ол тиімсіз.
Пәкістан премьері президент Барак Обаманы экстремизмге қарсы өзге жолмен, мысалға Пәкістанға экономикалық көмек беру арқылы күресуге шақырды.
Өткен жылы АҚШ-тың адамсыз соғыс ұшақтары Пәкістанның ауған шекарасына жақын аумағындағы содырлардың бекінестері-ау деген мекендерге 30-ға жуық соққы берді. Ресми Исламабад “елдің егемендігін бұзу” деп санап, ондай соққыларға әлденеше рет наразылық білдірді.