Accessibility links

“Оксфам”: Ауғанстанға қайырымдылық дағдарысы төнді


Қайырымдылық көмек беретін халықаралық “Оксфам” агенттігі егер АҚШ президенті Барак Обама Ауғанстанға жаңа стратегиясын қолданбаса, онда ауған елінің қайырымдылық дағдарысына душар болуы мүмкін деп ескертеді. Агенттіктің есебінде Ауғанстандағы қауіпсіздік ахуалының күрт нашарлап, 5 миллионға жуық халықтың азық-түлікке мұқтаж болып отырғаны айтылады.
Агенттік ауған елінде қантөгістің ушыға түсуіне байланысты АҚШ үкіметін соғыс стратегиясын қайта қарауға шақырады. “Оксфамның” есебіне сәйкес, өткен жылы Ауғанстанда 5 мыңдай адам қырылды, 2 мыңы – бейбіт тұрғындар.
XS
SM
MD
LG