Палестина автономиясының “ХАМАС” қозғалысы бейбіт келіссөзге қатыстырылуға тиіс. Таяу Шығыстағы бейбіт келіссөзге дәнекер болып отырған халықаралық “квартеттің” өкілі Тони Блэр осылай деп есептейді.
Times газетіне берген сұхбатында Ұлыбританияның экс-премьері Т.Блэр Газа аймағын билеп отырған “ХАМАС” ұйымын оқшау қалдырған бұрынғы саясаттың келешегі жоқтығын атап көрсетіп, бейбітшілікке деген барлық күш-жігерді автономияның төрағасы Махмуд Аббасқа бағынатын Иордан өзенінің Батыс жағалауына жұмылдыру қажеттігін мәлімдеді.