Accessibility links

Ирақта жергілікті кеңестердің сайлауы ойдағыдай өтті


Ирақтың 18 облыс-өлкесінің 14-інде сенбі күні болып өткен жергілікті кеңес сайлауындағы дауыстар есептелу үстінде. Оның бастапқы нәтижесі таяу күндері жариялануға тиіс.
Бастапқы мәлімет бойынша, сайлаушылар айтарлықтай белсенділік көрсетті. Дауыс беруге 2005 жылғы сайлауға қатыспаған сүнниттер де құлшына қатысты.
Сайлау айтарлықтай тыныштықты өтті. Ирақ премьер-министрі Нұр Әл-Мәлики мұны бүкіл Ирақ халқының жеңісі деп бағалады.
АҚШ президенті Барак Обама мәлімдегендей, сайлау – Ирақтың келешегі үшін бар жауапкершілікті Ирақ халқының өз қолына алу үшін өте маңызды қадам болды.
XS
SM
MD
LG