Accessibility links

Венесуэлада еврей синагогасына шабуыл жасалды


Венесуэладағы еврей қауымдастығының жетекшілері еврейлердің Каракастағы бас шіркеуі- синагогаға қаскүнемдер басып кіріп, дүние-мүлікті қиратып, қабырғаларға бояумен графити суреттерін салып кетті деп дабыл қақты.
Хабарға қарағанда, Венесуэла мен Израильдің арасындағы күрт бұзылған кезде жұмаға қараған түні шіркеуге 15-ке жуық адам басып кірген.
Қаңтар айында ресми Каракас Израильдің Газа аймағындағы соғысына қарсылық білдіріп, Израиль елшісін елден қуды және Израильмен дипломатиялық байланысын үзді.
Венесуэланың сыртқы істер министрі Николас Мабуро еврей шіркеуіне жасалған шабуылға наразылығын білдірді. Бірақ Израильдің Палестинаға қарсы саясатын сынға алды.
XS
SM
MD
LG