Астана қаласында 2010 жылдың қыркүйек айында Азия-Тынық мұхиты елдері қоршаған ортаны қорғау министрлерінің конференциясы болады, — деп мәлімдеді ҚР қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Ысқақов.
Ведомство басшысы Нұрлан Ысқақовтың айтуынша, қазір Астанада аталған конференцияны өткізуге дайындық жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ 2011 жылы Еуропа елдері қоршаған ортаны қорғау министрлерінің конференциясы өткізіледі.
«Бұл екі конференцияны біз мемлекет басшыларының ойынша, Еуразиялық қоршаған ортаны қорғау мен тұрақты дамудың біріккен процесі ретінде өткізбекшіміз», — деді министр.